#Шу: “Жәми” мешітінде өкіл имам жұма уағызын жүргізді

#Шу: “Жәми” мешітінде өкіл имам жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының орталық “Жәми” мешітінде өкіл имам Асқар Сатылғанов жұма уағызын жүргізді. Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында өткен уағыз “Құрметтің шыңы – ата-анаға ілтипат” тақырыбына арналды. Онда әкені, ананы қалау, сыйлау және құрметтеу мәселелері кеңінен сөз болды.

Дін маманы: “Имам әл-Қуртуби бұл аятты өзінің тәпсірінде: «Алла Тағала Өзiне ғана құлшылық етіп, Оны жалғыз деп тануды бұйырды. Сондай-ақ ата-ананы құрметтеуді осы әмірмен бірге атап көрсетті. Ата-анаға алғыс білдіруді Өзiне шүкіршілік етумен қатар қойды», – деп түсіндіреді,” – дей келе, қасиетті аяттардан мысалдар келтіріп, ата-ананы қадірлеудің дініміздегі ерекше орнына тоқталды.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: