Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінде қасиетті жұма күні ерекше рухани шара өтті. Жамағат алдында облыстық орталық мешіттің наиб имамы Сейтқали Әбдіқадыp тағылымды жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында имам жамағатты имандылыққа, ізгі амалдар жасауға және бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға шақырды. Жиналған тұрғындар уағыздан рухани азық алып, игі ой түйді.
Бұл басқосу – жергілікті жамағаттың діни білімін тереңдетіп, имандылыққа деген ықыласын арттыра түскен маңызды кездесу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

