Меркі: Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мешіт жамағатына насихатталды

Меркі: Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мешіт жамағатына насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының орталық мешітінде қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жамағатқа тағылымды насихат айтылды.

Іс-шара барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы Абайдың өмір жолы, шығармашылығы және ислам құндылықтарымен үндесетін өсиет сөздеріне  кеңінен тоқталып, Абайдың мұрасы – имандылық, әділдік, бірлік, білім мен еңбек сынды асыл құндылықтарға негізделгенін атап өтті.

Жамағатқа дана ақынның өмірінен өнеге алып, дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, елдің бірлігі мен рухани дамуына үлес қосу қажеттігі насихатталды.

Іс-шара соңында ауыл ақсақалдары Алладан елімізге береке-бірлік тілеп, дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: