- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 459
Тараз: Ұстаз еңбегі – ұрпақ игілігі
Бүгін білім күніне орай Тараз қаласындағы діни оқу – ағарту ісінде еңбек етіп жүрген үш ұстазға арнайы алғыс хат табысталды.
Бүгін білім күніне орай Тараз қаласындағы діни оқу – ағарту ісінде еңбек етіп жүрген үш ұстазға арнайы алғыс хат табысталды.
Тараз қаласының сараптамаға жауапты маман 1 – ші және 4 - ші аймаққа қарасты мешіт кітапханаларындағы діни әдебиеттерді сараптады. Тексеру барысында Құран Кәрім, хадис жинақтары, фиқһ еңбектері және діни әдебиеттердің мазмұны қаралып, олардың сенімді дереккөздерге негізделуі басты назарға алынды.
Тараз қаласы "Әл Фирдаус" мешітінде 30 балаға мектепке қажетті жабдықтар үлестірілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында жас ұрпаққа көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына сөмке және оқу құралдары сыйға берілді.
Қасиетті жұма күні Тараз қаласының Бас имамы Ержан Аманбаев «Жамбыл Жабайұлы» мешітінің жамағатына жаңа имамды ресми түрде таныстырды.
Тараз қаласы "Әулие ата" мешітінің бас имамы 4-ші аймаққа қарасты мешіттерге арнайы барып, ондағы жалпы жағдайды қадағалады. Көңіл бөлінген басты мәселе – тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуы болды.
Тараз қаласы "Ар – Рахман Ар – Рахим" мешітінде игі дәстүр жалғасын тауып, қайырымдылық шарасы өтті. Мешіттің имамы Ембергенов Амангелді бас болып, жамағаттың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.