Тараз қаласы "Әулие ата" мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев 4-ші аймаққа қарасты мешіттерге арнайы барып, ондағы жалпы жағдайды қадағалады. Көңіл бөлінген басты мәселе – тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуы болды. Әсіресе дәретхана мен қосымша бөлмелердің жай – күйіне байланысты нақты ескертулер жасалды. Сондай – ақ, аула абаттандырылуы мен ішкі тәртіп деңгейіне назар аударылды.
Дін қызметкерлеріне: құлшылық үйінің абыройы тек рухани ағартушылықпен шектелмей, тәртіп пен тазалыққа да байланысты екенін еске салды. Жамағаттың ыңғайы үшін әрдайым қолайлы жағдай жасау, ғимараттың ішкі – сыртқы тазалығына жүйелі түрде көңіл бөлу – ортақ міндет екендігі айтылды.