Қасиетті жұма күні Тараз қаласының Бас имамы Ержан Аманбаев «Жамбыл Жабайұлы» мешітінің жамағатына жаңа имамды ресми түрде таныстырды. Бұл қызметке Сарысу ауданында бас имам қызметін атқарған Каримбаев Айбек Амангелдіұлы тағайындалды.
Шаһардың бас имамы Ержан Маханұлы имамының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жамағат игі тілекпен қарсы алды. Бұл тағайындау тұрғылықты халықтың рухани өміріне тың серпін беріп, діни-ағартушылық жұмыстардың қарқынды дамуына жол ашады деген сенім білдірілді.