Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев келген жамағаттың өзекті және жеке сұрақтарына жауап берді. Жамағат кейбір мәселелерді дұрыс түсінбей, көргенімен амал жасайтын кездері болады.
Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев келген жамағаттың өзекті және жеке сұрақтарына жауап берді. Жамағат кейбір мәселелерді дұрыс түсінбей, көргенімен амал жасайтын кездері болады.
Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов келген жамағатқа "Арақ және нашақорлықтың зияндары" тақырыбында уағыз айтты. Қаншама уақыт айтылып келсе де, арақ та, нашақорлық та тоқталар емес.
Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов келген жамағатқа "Жат ағымнан аулақ болу" тақырыбында насихат айтты. Алла Тағала Құранда: "Алланың дініне жармасыңдар да, бөлінбеңдер" деген аятына түсіндірме жасап, өзге ағымның келтірген зардаптарының бірі қоғамдағы ұйып отырған мұсылмандарды бөлу, үй ішінен үй тігу жақсылыққа апарар жол емес екендігі айтылды.
Шу ауданы “Жәми” мешітінің әйел-қыздар жамағаты Мәуліт айының құрметіне дастарқан басында бас қосып, Құран хатым дұғасын оқыды. Игі басқосуда мешіт ұстаздары Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында кеңінен әңгімелеп, салауат айтудың маңызы жөнінде уағыз-насихат жүргізді.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Қожахметов Халит Шу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында ол ҚМДБ-ға қарасты ескі мешіттердің ахуалымен танысып, олардың бүгінгі жағдайын жан-жақты зерделеді.
Жуалы ауданы, Бақалы ауылдық мәдениет үйінде «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көркем мінездің ең биік үлгісі» атты Мәуліт шарасы өтті. «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Мұсағалиұлы Бауыржанның ұйымдастыруымен өткен шараға Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы, ауыл имамдары, ауыл тұрғындары қатысты.