Тараз: Қайырымдылық қылғанның қарымы мол

Тараз: Қайырымдылық қылғанның қарымы мол

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласы "Ар – Рахман Ар – Рахим" мешітінде игі дәстүр жалғасын тауып,  қайырымдылық шарасы өтті. Мешіттің  имамы Ембергенов Амангелді бас болып, жамағаттың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, 10 отбасыға қажетті азық-түлік ретінде қызанақ үйлестірілді. Әрбір шаңыраққа бір-бір қораптан, барлығы 10 қорап қызанақ таратылды. Бұл шара әр жанұяға аз да болса септігін тигізіп, қуаныш сыйлады.

   «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығына сай жасалған бұл іс – бірліктің, мейірімділіктің белгісі. Алла разылығы үшін жасалған қайырымдылық амалы – мұсылман қауымына үлкен сауап әкелетін игі іс.

   Имам Ембергенов Амангелді қайырымдылық шараларын тұрақты түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, мешіт тарапынан алдағы уақытта да көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: