Тараз қаласы "Әл Фирдаус" мешітінде 30 балаға мектепке қажетті жабдықтар үлестірілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында жас ұрпаққа көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына сөмке және оқу құралдары сыйға берілді.
Бұл игі іс – шара жас жеткіншектердің қуанышын еселеп, олардың білімге деген ынтасын арттырды. Қасиетті Құранда: «Жақсылық істеген жанға оның он есесі жазылады» - деп баяндалғандай, қайырымдылық жасау – үлкен сауапты іс.