Табиғат, көше, қоршаған орта бәрі бізге – аманат. Ал аманатқа қиянат жасау – ауыр күнә. Әрбір ағаш, гүл, өзен, тау, тас – Алланың жаратқаны. Біз оны былғамай, сақтауымыз керек. Себебі Ислам тазалықты тек жуыну мен киімге ғана байланыстырмайды.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бiр мұсылман ағаш отырғызса немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшiн садақа болып есептеледi» деген.
Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді.
Тазалық – адамның әдебі, мәдениеті, рухани кемелдігінің көрсеткіші. Сондықтан да мұсылман адам ішкі жан-дүниесін, тәнін, киімін, жейтін асын таза ұстауға аса мән беруі қажет.
Халқымыз да: «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі», – деп тазалық салулықтың негізі екенін айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы», – деген.
«Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар». Иман – адамның басты құндылығы дейтін болсақ, тазалықтың иманның жартысына теңелуінен оның адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.