Екі дүние сардары, ардақты Елшіміз Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесі қарсаңында Жуалы ауданы, Қайрат аувылдық мешіт асханасында мешітінің молдасы Сарыпбеков Сауранбек Бегәділұлының бастамасымен мешіт ұжымы болып Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған күніне орай дастархан жайылып, ас берілді.
Келген қонақтарға арнайы аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен, ислам тарихынан уағыз насихат айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.