Жуалы: «Мырзахмет ата» мешітінде Мәуліт құрметіне дастархан жайылды

Жуалы: «Мырзахмет ата» мешітінде Мәуліт құрметіне дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Теріс және Бақалы ауылындағы «Мырзахмет ата» мешітінің асханасында мешіт имамы Мұстафаев Бауыржан Мұсағалиұлының ұйымдастыруыменен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне қарияларға және жамағаттарға арналып дастархан жайылды.

 Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы Әз Пайғамбарымыздың (с.а.у)  көркем мінезі жайында өнегелі уағыз-насихат айтты. 

«Жуалы» мешітінің  имамы Сейітқазы қажы Әбдірұлы да  сөз жалғап, ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналарға Пайғамбарымыздың өмірінен мысалдар келтіріп, уағыз айтып, мәуліт мерекесінің мән-мағынасын аша түсті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: