- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 478
Жамбыл: "Жүрек дерті" туралы уағыз айтылды
Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде Өрнек ауылы, "Рәпілбек" мешітінің молдасы Мәулен Ибрагимов келген жамағатқа "Жүрек дерті" тақырыбында насихат айтты.
Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде Өрнек ауылы, "Рәпілбек" мешітінің молдасы Мәулен Ибрагимов келген жамағатқа "Жүрек дерті" тақырыбында насихат айтты.
Айша бибі ауылы, «Айша бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев келген жамағатқа "Ислам және отбасы" тақырыбында уағыз айтты. Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Ислам және отбасы құндылықтары" жылы деп атап, түрлі іс-шаралар өткізілуде екендігі атап өтті.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет жамағатқа «Дін мен дәстүр» 3-ші кітабынан дәріс өтті.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Түзелбеков Қуаныштың ұйымдастыруымен ауыл имам-молдаларына арналған тренинг өтті. Тренингті Жамбыл облыстық мешіттің наиб имамы Әмреев Бақтияр «Исламдағы бала тәрбиесі» атты тақырыпта жүргізді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің ұстазы Шынали Айгерім «Әйел және отбасы» тақырыбында әйелдер жамағатына семинар өткізді. Семинарға 20-ға жуық әйел-қыздар қатысып, әйел адамның отбасындағы алар орны жайында уағыз-насихат тыңдап, артынан тақырыпқа қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Бүгін, қасиетті жұма күні облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінде кадрлық тағайындаулар өтті. Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа қызметкерлерді таныстырды.