«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі», – демекші, адам баласына Алладан берілген баға жетпес нығметі денсаулықты бағалау және оны сақтаудың бірден бір жолы қоршаған ортамыз бен дене мүшеміздің тазалығына мән беру. Өйткені түрлі аурулар, жазылмас індеттер, ең алдымен тазалықтың жоқтығынан, ластықтан пайда болады.
Табиғат – Алла Тағаланың берген үлкен нығметі. Адам да табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, жер бетінде дұрыс өмір сүруі үшін адамзат табиғатты аялап, қорғап, оны ластаудан, қажетсіз қалдықтарды тастаудан аса сақ болуы қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау, оны ластамау әр адамның міндеті.
Денсаулық – адам баласына берілген аманат. Дініміз мұсылманға денесінің, киімінің, құлшылық жасайтын жерінің әрдайым таза болуын бұйырады. Тазалық – түрлі дерттерден сақтаумен қатар Жаратушымыздың сүйіспеншілігіне кенелуге себепші болатын іс.
Сөздікте «жақсылық», «игілік» деп келетін «ихсан» сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы бір нәрсені қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» дегенді білдіреді.
Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор.