Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Түзелбеков Қуаныштың ұйымдастыруымен ауыл имам-молдаларына арналған тренинг өтті. Тренингті Жамбыл облыстық мешіттің наиб имамы Әмреев Бақтияр «Исламдағы бала тәрбиесі» атты тақырыпта жүргізді.
Бақтияр имам кездесуде: «Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыдағы үлкен идеалымыз – Пайғамбарымыз (с.а.с.). Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге: «Алла Тағала жүрегіңдегі мейіріміңді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.
Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кімнің қыз баласы болып, оған жақсы тәрбие берсе, жетерліктей ішіп-жегізсе, Алла Тағаланың берген нығметінен молынан берсе, ол қыз оған береке кіргізеді әрі тозақтан құтқарып, жәннатқа кіруге себепкер болады»,- деп, балаға берген жақсы тәрбиенің пайдаларына да тоқталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



24 Қазан 2025
2 Джумада-авваль 1447

