Бүгін, қасиетті жұма күні облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінде кадрлық тағайындаулар өтті. Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа қызметкерлерді таныстырды.
Атап айтқанда, "Һибатулла-Тарази" медресе колледжі директорының орынбасары қызметін атқарған Бахтияр Амиреев мешіттің наиб имамы болып бекітілді.
Сондай-ақ, Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің имамы қызметін атқарып келген Дәулет Амакелді облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінің азаншысы болып тағайындалды.
Бұл тағайындаулар өңірдегі діни қызметтің сапасын арттыруға, жамағатпен жұмысты нығайтуға бағытталған. Жамағат білікті мамандарды жылы қарсы алып, қариялар батасын берді.
“Һибатулла Тарази” мешітінің баспасөз қызметі


24 Қазан 2025
2 Джумада-авваль 1447

