Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің ұстазы Шынали Айгерім «Әйел және отбасы» тақырыбында әйелдер жамағатына семинар өткізді. Семинарға 20-ға жуық әйел-қыздар қатысып, әйел адамның отбасындағы алар орны жайында уағыз-насихат тыңдап, артынан тақырыпқа қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Айгерім ұстаз семинарда: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйел затына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы хадистері өте көп. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ: «Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны», «Әйелдерге жақсы мінезде болыңыздар», - деп өсиет етті. Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек. Еркекті адам ететін әйел»,- деп, әйелдің дәреджесін көтерер хадистерді айтып, баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


24 Қазан 2025
2 Джумада-авваль 1447

