Жамбыл: "Жүрек дерті" туралы уағыз айтылды

Жамбыл: "Жүрек дерті" туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде Өрнек ауылы, "Рәпілбек" мешітінің молдасы Мәулен Ибрагимов келген жамағатқа "Жүрек дерті" тақырыбында насихат айтты. Алла Тағала Құранның көптеген жерінде, соның ішінде алғашқылардан болған Бақара сүресінде, жүрек дерттерін атап өткендігіне тоқталды.

Әуелі жүрек дерті дінсіздік, Құдайға сенбеу, оған серік қосу немесе Алладан өзгеге табыну тұрғандығын атап өтті. Одан кейін дінді ұстана тұра ізденбей, оқымай және жүзеге асырып амал етпегендіктен қоғамдағы суицид, туыстық қатынасты үзу, отбасындағы кикілжіңдер және т.б орын алуда екендігін атап өтті.

Дініміз бұйырған, бабаларымыз ұстанған дәстүрмен жүрмегендіктен не діннен хабары жоқ, не дәстүрінен хабары болмаған қоғамда түрлі Алла және оны Елшісі тыйған нәрселерге жол берілетіндігі айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: