Жуалы ауданына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған делегация келіп, бірқатар нысандарды аралап, аудандық ардагерлер қауымымен кездесті.
Жуалы ауданына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған делегация келіп, бірқатар нысандарды аралап, аудандық ардагерлер қауымымен кездесті.
Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің бес шәкірті "әліппе " кезеңін аяқтап, әр мұсылманның түпнұсқасынан оқып білуі, үйренуі тиіс болған қасиетті Құран кітабын еркін оқып меңгеру сатысына өтті. Құран - адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза.
Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев мешіт жамағатына "Жамағаттың ауызбіршілігі" жайлы уағыз-насихат айтты.
Өрнек ауылы, "Өрнек" мешітінің молдасы Әсет Сулейменов мешітке жиналған жамағатқа "Дін мен дәстүр егіз ұғым" тақырыбында танымдық насихат жұмысын жүргізді.
Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмухамедов мешітке жиналған жамағатқа ғасырымыздың індеті, дініміздің үлкен күнәларынан саналатын, пенденің өзіне- өзі қол салуы яғни, суицид жайлы сөз қозғады.
Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінде "Пайғамбарларға иман" тақырыбында жұма уағызын айтып, пайғамбарларды дәріптеп, олардың ізімен жүріп, өнеге алу - әр мұсылманның міндеті екенін еске салды.