ЖАМБЫЛ: ҒАСЫР ІНДЕТІ – СУИЦИД

ЖАМБЫЛ: ҒАСЫР ІНДЕТІ – СУИЦИД

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмухамедов мешітке жиналған жамағатқа ғасырымыздың індеті, дініміздің үлкен күнәларынан саналатын, пенденің өзіне- өзі қол салуы яғни, суицид жайлы сөз қозғады.

Ислам дінінде суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау ауыр күнәға жатады. Өйткені адамдардың өзін-өзі өлтіруі шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең. Алла Тағала былай дейді: «...өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» («Ниса», 29, 30). Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Алла Тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жаһаннам отында мәңгі бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жаһаннам отында мәңгі бақи сол уын қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жаһаннам отында сол темірді қолына ұстап, өзін-өзі мәңгі бақи ұрғыштап тұрады». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Адам өмірде  қандай қиындық көрмесін, басына қандай іс түспесін, өзіне қол жұмсамақ түгілі, өлім тілеуіне де болмайды. Өйткені адамның жаны, тәні, өмірі – бәрі де Жаратушының берген аманаты болып есептеледі.

 Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: