ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТТЫҢ АУЫЗБІРШІЛІГІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТТЫҢ АУЫЗБІРШІЛІГІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев мешіт жамағатына "Жамағаттың ауызбіршілігі" жайлы уағыз-насихат айтты.

Имам уағыз-насихат барысында қоғамдағы татулық пен ынтымақтың маңыздылығына ерекше тоқталып, жамағатты бірлікке, кешірімге және өзара сыйластыққа шақырды. Құран аяттары мен хадистерге сүйенген уағыз- насихатта мұсылман қауымының ауызбірлікте, ынтымақта болуы — дініміздің басты талаптарының бірі екенін атап өтіп: «Ауылымыздың тыныштығы мен берекесі – өзара татулық пен ауызбіршілікке байланысты. Бір-бірімізге мейірімді болып, өсек пен күншілдіктен аулақ болайық», – деді имам.

Мешітке жиналған жамағат имамның сөзіне ықыласпен құлақ асып, насихаттың жүректеріне жеткенін айтып, уағыздан кейін жылы пікірлерін білдірді. Уағыз-насихат соңында жамағатқа арнайы дұға жасалып, Алладан ел амандығы мен жүректерге мейірім, жамағатқа бірлік пен береке тілеп, бата берді.

 Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: