ЖАМБЫЛ: МӘУЛІТ АЙЫНДА - ПАЙҒАМБАРЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

ЖАМБЫЛ: МӘУЛІТ АЙЫНДА - ПАЙҒАМБАРЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінде "Пайғамбарларға иман" тақырыбында  жұма уағызын айтып, пайғамбарларды дәріптеп, олардың ізімен жүріп, өнеге алу - әр мұсылманның міндеті екенін еске салды.

Пайғамбар жіберу Алланың әмірінде болса, оған иман ету – пенденің міндеті. Алла Тағала адамзатқа жүз мыңдаған пайғамбар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйретті. Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбар сөзі парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді. Құран тілімен айтқанда, пайғамбарларды «Расул» (елші), «нәби» (хабаршы) делінеді.Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде бағыт түзеп, бағдар алады. Олар – адамға әрбір істе қайталанбас үлгі, ізгілікте қол жетпес биік шың, адасқанға жол сілтейтін жарық.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: