Тараз қаласы Түрксіб мөлтекауданында ауыл ішіндегі ойықтар мен нашар жолдар жамағаттың белсенділігімен жөнделді. Бұл игі іске ауыл тұрғындары мен мешіт имамдары бірлесіп, ортақ мүдде үшін үлес қосты.
Тараз қаласы Түрксіб мөлтекауданында ауыл ішіндегі ойықтар мен нашар жолдар жамағаттың белсенділігімен жөнделді. Бұл игі іске ауыл тұрғындары мен мешіт имамдары бірлесіп, ортақ мүдде үшін үлес қосты.
ҚМДБ Тараз қаласы «Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінің әйелдер секторында ұстаз Зора Айдарованың жетекшілігімен ардақты Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.с.) сүбелі өмірі мен оған деген сүйіспеншілікке арналған Мәуліт мерекелік шарасы өтті.
Шу ауданындағы мешіттерде жұма намазы барысында қоғамға қауіпті әдеттердің зардаптары жайында арнайы уағыздар оқылды. Жамағатқа бағытталған насихатта рухани әрі әлеуметтік тұрғыдан адамдарға ауыр соққы беретін дерттердің қатарында құмар ойын, ішімдік, алаяқтық пен нашақорлық ерекше аталды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Түзелбеков Қуаныштың ұйымдастыруымен С санатына жататын ауыл имам-молдалары 3 пән бойынша емтихан тапсырды.
«Жиенбет Жексенбай» мешітінде жастарды еңбекке, кәсіби дамуға және адалдыққа бағыттайтын тағылымды семинар-кездесу өтті. Шараны ауыл имамы Шүкірәлі Бердібеков және ауыл ақсақалдар төрағасы Тәңірбергеннің ұйымдастыруымен өткен жиынға ақсақалдар, кәсіп иелері және ел ағалары қатысып, жастарға өнегелі сөздерін арнады.
«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы ауыл жастарына арнап «Адал кәсіп» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды адал еңбекке, кәсіби ізденіске және жауапкершілікке баулу болды.