ЖАМБЫЛ: ҚҰРАН - МҰСЫЛМАННЫҢ ОҚЫП, БІЛУІ ТИІС ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ

ЖАМБЫЛ: ҚҰРАН - МҰСЫЛМАННЫҢ ОҚЫП, БІЛУІ ТИІС ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің бес шәкірті "әліппе " кезеңін аяқтап, әр мұсылманның түпнұсқасынан оқып білуі, үйренуі тиіс болған қасиетті Құран кітабын еркін оқып меңгеру сатысына өтті. Құран - адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза.

Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің.

Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: