Қордай: «Қордай ауылдық» мешітінде Мәуліт оқылды

Қордай: «Қордай ауылдық» мешітінде Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Қордай ауылдық» мешітінде жамағаттың қатысуымен Мәуліт оқылды. Іс-шараға аудан бас имамы Абдразахов Азамат қатысып, жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған тағылымы жайлы насихат айтты. Мәуліт айының мәні мен рухани маңызына тоқталып, мұсылман баласын ізгілікке, бірлікке және көркем мінезге ұмтылуға шақырды.

Шара барысында мешіттің қоғамдық жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген жамағат мүшелеріне алғыс айтылып, Мәулітке орай рухани мазмұндағы кітаптар сыйға тартылды. Сонымен қатар жамағат ақ дастархан басында бас қосып, өзара сыйластық пен бауырмалдықты арттырды. Кеш соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, елдің амандығы мен бірлігі, мешіт жамағатының ынтымағы үшін ізгі тілектер айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: