Қордай: «Отбасы күніне» орай әйел-қыздармен айлық дастарқан ұйымдастырылды

Қордай: «Отбасы күніне» орай әйел-қыздармен айлық дастарқан ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті әйел ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған айлық дастарқан өтті. Басқосу барысында ұстаздар Эльмира Аманқожақызы, Айгүл Жолдасқызы және Малика Аханқызы «Отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтып, отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершіліктің маңызына тоқталды. Сонымен қатар ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиесіне көңіл бөлу және шаңырақтағы береке мен татулықты сақтау жөнінде ой бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар отбасыға қатысты мақал-мәтелдер айтып, тақырыпқа байланысты қызықты ойындар ойнады.

Танымдық әрі тәрбиелік бағыттағы басқосу өзара пікір алмасып, жақсы көңіл күйде өтті. Жиын соңында ел-жұрттың амандығы, отбасылардың берекесі мен бірлігі үшін дұға жасалып, ақжолтай тілектер айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: