Қордай: Бас имам сағаты өтті

Қордай: Бас имам сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлының қатысуымен «Бас имам» сағаты өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жамағатпен ашық пікір алмасып, оларды толғандырған діни сауалдарға жауап беру, мешіт жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өзара байланысты нығайту.

Бас имам жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, айтылған ұсыныстарды назарға алды. Сондай-ақ мешітке келушілерді ауызбіршілік пен ынтымақты сақтауға, бір-біріне құрметпен қарап, өзара түсіністік танытуға шақырды.

Насихат барысында ауызбіршіліктің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Бірлік бар жерде береке мен тұрақтылық болатыны айтылып, мұсылман баласын татулықты ту етіп, ағайын арасындағы сыйластықты сақтауға үндеді. Кездесу соңында жамағат көкейіндегі сауалдарына жауап алып, пайдалы насихат тыңдады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: