БАС ИМАМ «НҰР АҚ» МЕКЕМЕСІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

БАС ИМАМ «НҰР АҚ» МЕКЕМЕСІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры Бірлік Амангелді және аталған мешіттің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали Тараз қаласындағы «Нұр ақ» қайырымдылық мекемесіне арнайы жұмыс сапарымен барды.
 
Сапар аясында мекеменің құжаттары, атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелілігі және ғимараттың материалдық-техникалық жағдайы жіті тексеріліп, толықтай зерделенді.
 
Жиын барысында облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық мекемелерінің қоғамдағы рухани-тәрбиелік рөлін атап өтті. Сондай-ақ жұмыстың ашықтығы мен белгіленген талаптарға сай жүргізілуінің маңыздылығына тоқталып, ұжымға алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: