РАНТ мүшесі, Байзақ ауданыныі бас имамы Қанат Жұмағұл имам «Жақсымбет ата» мешітінде «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында жұма насихатын айтты.
Қанат Жұмағұл: «Қоғамға үлкен зиян келтіретін, рухани және әлеуметтік тұрғыдан адамдарғазардап шектіретін ауыр дерттер бар. Бұл дерттер – құмар ойын, ішімдік ішу, алаяқтық және нашақорлық. Бұл індеттер тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның тыныштығы мен болашағына қауіп төндіріп отыр. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда бұл жаман әдеттер кең таралып, адамгершілік пен имандылық құндылықтарына қауіп төндіруде.
Қадірлі бауырлар, әрбіріміз үміт және сеніммен, Алланың шексіз мейіріміне жүгініп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Себебі тазалық пен адалдық – мұсылман адамның өміріндегі ең бастыміндеті, әрі қоғамымыздың берекесі» - деп, жиналған жамағатты зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі