ЖАМБЫЛ: ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!

ЖАМБЫЛ: ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек"  мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы Жайна Бекназарова Өрнек ауылындағы кәсіптік колледж студенттерімен кездесті. Кездесуде зиянды әдеттер туралы ойталқы жасап, "Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жасады.

Мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Алла Тағаланың адам баласына сыйлаған басты байлығы, аманаты болған денсаулықты сақтаудың басты қағидаларын ұстануға,  жастардың зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.

"Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен, оқу ордасынан  басталуы тиіс. Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы үгіт- насихат, түсіндірме жұмыстарын жастармен жиі өткізуіміз керек" деп түйіндеді сөзін ұстаз.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: