Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешітке келген жамағатпен "Дін және жастар" тақырыбын талқылады. Мақсаты, өскелең жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін дұрыс қалыптастыру, оны түрлі қауіп-қатерлерден қорғау, діни сана мен сауаттылықты көтеру.
Имам шара барысында: "Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі – діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады.
Білімсіз адамның өзіне деген сенімсіздігі, дін төңірегіндегі сұрақтар туралы кішкене болса да ақпараттың болмауы, ненің ақ? ненің қара? екенін ажырата алмай жатады. Жат ағым жетегінде жүрген азаматтардың басым көпшілігінің діни сауаты жоқ" деп баса айтты.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі