Өрнек ауылы, "Өрнек" ауылдық мешітінің молдасы Әсет Сүлейменов мешітке жиналған жамағатқа "Нашақорлық және өзге де зиянды әдеттерден аулақ болу" тақырыбында уағыз- насихат жүргізді. Есірткі заттарына өсімдіктерден алынатын (гашиш, марихуана, анаша және басқалар) және химиялық алынатын (морфий, героин және т.б.) жатады. Есірткі заттары негізінен Ауғаныстан мен Тәжікстаннан әкелінеді, олар Қазақстанды есірткі заттарын басқа елдерге өткізуші ретінде пайдаланады.
Өзіміздің Шу өңірінің үлкен аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік-сора өседі,оларды заңсыз жолмен көп мөлшерде жинап жасырын есірткі саудасымен айналысатындарға жеткізеді. Олар жастар мен жасөспірімдердің өмірін улайды. Есірткіге әуестену ең қауіпті және өлімге әкелетін қазіргі заманның ең қауіпті ауруы болып саналады. Сондықтан да нашақорлардың өмірі өте қысқа болдады. Адамдар өмір бойы зиянды әдеттермен қатар пайдалы әдеттер де қалыптасады. Осы пайдалы әдеттер белгілі бір адамдық құндылықтарға қатысты оң әсерін тигізеді. Бұл санадан тыс, эмоциялық деңгейде іске асады.
Кейбіреулері осындай әдеттермен әуестенетін ата-аналарға,құрдастарына еліктейді.Жеткіншек үшін маңызды адамдар тобы немесе белгілі бір топтарға беделділерге бағынудан болатыны баяндалды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі