МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мешіті ауласынан құдық қазылып, су көзі ашылды. Мешіт қызметіне берілетін қайнар көзден құлшылық қылуға келген жамағат ниет қылып, дәрет алатын болады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті жұма күні мен Құрбан айт мейрамының тұспа-тұс келуі Тараз жұртшылығы үшін ерекше қуанышпен жалғасты. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанындағы қайырымдылық мекемесіне қарасты Қарилар курсының тағы бір шәкірті — Мирас Икрамов қасиетті Құран Кәрімді толықтай жаттап, қари атанды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құрбан айттың басты рәсімдерінің бірі — құрбандық шалу Тараз қаласында ұйымшылдықпен атқарылып жатыр. Қаланың екі бірдей арнайы белгіленген қасапханасында ҚМДБ сертификатына ие кәсіби қасапшылар мал сою рәсімін шариғат талаптарына сай орындауда. Бұл іске мешіт имамдары, ҚМДБ «Халал Даму» мен «Зекет және қайырымдылық» бөлімдерінің мамандары да белсене атсалысуда.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін күллі әлем мұсылмандары үшін аса қадірлі Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Қазақстанның барлық аймағында айт намазы оқылып, жұртшылық қасиетті күннің берекесін сезініп жатыр. Тараз жұртшылығы да облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналып, айт намазын оқыды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласында «Құрбандық 2025» аясында имамдардың қатысуымен арнайы жиналыс өтті. Басқосуды қалалық бас имам Ержан Аманбаев дін мамандарына Құрбан айт мейрамына байланысты атқарылатын жұмыстарды жан-жақты пысықтады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құрбан айт мерекесіне орай Тараз қаласының бас имамы “Зекет және қайырымдылық” қоры бойынша өкілі Ержан Аманбаев еріктілерге арналған арнайы семинар жүргізді. Жиын барысында мереке күндері еріктілер атқаратын негізгі міндеттер мен жауапкершіліктер жан-жақты талқыланды.