Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев жамағатқа "Мұсылман мұсылманның айнасы" тақырыбында уағыз- насихат жасады. Мұсылманның ең басты қасиеттерінің бірі – оның өз бауырлары мен достарына деген жоғары сүйіспеншілік сезімі болып табылады. Бұл ешқандай да бөтен мақсаттар мен ішкі есептерге құрылмаған шынайы туыстық сезім, тазалық және Пайғамбар (с.а.у.) мен оның басшылығының арқасында пайда болған, адамдар арасындағы қарым-қатынаста ерекше орын алатын және басқа ештеңемен де салыстыруға келмейтін, шынайы мұсылманның мінез-құлқы.
Мұсылманды өзінің бауырымен байланыстыратын жақындық оның ұлтына, түсіне, малына, мансабына және тіліне қатысты емес, бұл – сенім жақындығы, имандостық.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

