Аудандық Бәйдібек мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Құмтиын ауылы, "Ботабай" мешітінде ауыл жастарымен кездесу өткізді. Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше.
Жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Өкінішке орай, теріс діни ағымның ығына жығылған жастарымыздың саны бір кездері күрт өсті. Сондықтан жастарымызға жиі көңіл бөліп, олардың бос уақытын тиімді пайдалануға тырысу қажет.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

