ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша бибі ауылы "Айша бибі" мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев ауылдық мәдениет үйінде "Діни терроризм және экстремизм - әлемге қауіп" тақырыбында жастармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Діни экстремизм деумен, белгілі бір дін меңзелмейді, яғни жалпы барлық дінді ұстанушылардың ішінде экстремистік ойдағылар табылуы мүмкін. Қазіргі таңда қоғамымызда Ислам дінінің атын жамылып, Алланың жіберген орта жолынан ауытқып жүргендер көптеп кездеседі. Олар кез келген жаңа істі, дінге қайшылығы болмаса да бидғатқа балап, ананы харам, мынаны ширк деп, жұрттың шырқын қашыруда.

Осындай эктремистік пікірлермен уланған әлгілердің арасынан террористердің шыққанын да білеміз. Соның кесірінен елімізде исламофобия, яғни Ислам діні мен оның құндылықтарына шекеден қараушылық пайда болғанын да жасыра алмаймыз. Сондықтан дін өкілдерінің жастармен жиі кездесуі өзекті де маңызды мәселе болып тұр.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: