Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде Пайғамбарымыздың с.а.у. дүниеге келген айының құрметіне дастархан жайылып, мәуліт оқылып, жастар тарапынан қойылымдар мен хадистер, аталы сөздер айтылып, аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев "Пайғамбарға сүйіспеншілік" тақырыбында уағыз-насихаты сүбелі сұқбатқа жалғасқан керемет рухани кеш өтті.
Ал кейбір адамдардың мәулітті бидғат санап, оны сәлаф (сахабалар, табиғиндер, оларға ергендер) ғалымдары істемеген деген сөздері тыйым салуға дәлел болмайды. Өйткені Хз. Пайғамбарымыздың с.а.у. өзі жақсылыққа алып баратын істі «сүннет» деп атап, оны істеген адамға сауап жазылатынын айтқан.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

