Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауыл-аймақтарда мешіт салынсын, олар таза ұсталып, хош иіспен жұпарландырылсын» – деген.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауыл-аймақтарда мешіт салынсын, олар таза ұсталып, хош иіспен жұпарландырылсын» – деген.
Мешіт – адамның жүрегі тыныштық тауып, жаны ерекше рухани ләззатқа бөленетін қасиетті орын. Анығында, бүкіл мүлік Жаратушы Алла Тағаланікі. Сол себепті мешіттерге ерекше құрмет көрсету мақсатында оларды «Алланың үйлері» деп атаймыз.
Мешіт – құлшылық жасалатын қасиетті орын. Онда келудің басты мақсаты – Алла Тағалаға құлшылық етіп, парыз амалдарды орындау. Сонымен қатар, мешіт қоғамдағы бірлікті нығайтып, ынтымақ пен татулықтың сақталуына себепші болатын рухани орталық болып табылады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылы «Қорағаты» мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы жастар арасында өткен көкпарға қатысып, бата берді.
«Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» – делінген Құран Кәрімнің «әр-Рахман» сүресінде. Расында да, жақсылықтың қайтарымы – тек жақсылық.
«Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға иман келтіріп, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», – делінген қасиетті Құранда.