Аудандық Бәйдібек мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Қаракемер ауылы, "Қаракемер" мешітіне жиналған жамағатқа "Дін және отбасы" тақырыбында сұхбат өткізді. Мақсаты, отбасы іргесін берік сақтау, ер азаматтарға жауапкершілік міндетін ұғындыру. Дін мен отбасы бір-бірімен тығыз байланысқан екі институт.
Қазақ қоғамында дін дәстүрдің жолымен, ең бірінші болып отбасында насихатталады, дәріптеледі. Қоғамымыздағы әрбір отбасының қарым-қатынасы тұтастай еліміздің тұрақтылығына әсер ететін фактор. Егер отбасы тату-тәтті өмір сүретін болса ел де тыныш болады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

