ТАРАЗДА ИСРА-МИҒРАЖҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТАРАЗДА ИСРА-МИҒРАЖҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әл-Әділ» мешітінде қасиетті Исра-Миғраж оқиғасына арналған рухани-танымдық іс-шара өтті. Аталған басқосу мешіт ұстазы Амиреева Ләззаттың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, жиналған жамағатқа рухани әсер сыйлады. Бағдарлама барысында Исра-Миғраждың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, танымдық ойындар ойнатылып, қызықты сұрақ-жауап форматындағы сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, діни білімдерін шыңдады.

Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, апалар тарапынан ақ баталар беріліп, шараның мазмұнын байыта түсті. Игі жиын жамағаттың бірлігін нығайтып, діни сауаттылықты арттыруға, рухани тәрбие беруге зор үлес қосты.

Мұндай тағылымды әрі берекелі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім білдірілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: