Қордай: Аудан имамдарына алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды

Қордай: Аудан имамдарына алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан аудан имамдарына алғыс хаттар табысталды.

Бұл марапаттар діни қызметте жауапкершілік танытып, ел бірлігі мен рухани тәрбие жолында тұрақты еңбек етіп жүрген имамдарға берілді. Сонымен қатар аттестациядан сәтті өткен бірқатар имамдарға С санатты сертификаттар табыс етілді. Аталған сертификаттар имамдардың діни білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін айқындайды. Айта кету керек, аудан имамдарының білім-білігі мен қызметтік деңгейі ҚМДБ талаптарына сәйкес тұрақты түрде тексеріліп, аттестациядан өткізіліп тұрады. Бұл – діни қызметтің сапасын арттыруға, жамағатқа дұрыс әрі сауатты діни насихат жүргізуге бағытталған маңызды қадам.

Осы ретте Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің» - деп, білім мен оны насихаттаудың маңыздылығын атап өткен. Аталған іс-шара дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырып, олардың рухани әрі кәсіби дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: