МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағатын жүргізді. Кездесу барысында «Мүлікті банк арқылы сату» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, шариғат тұрғысындағы үкімдер мен талаптар баяндалды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қарабөгет ауылы «Қарабөгет» мешітінің имамы жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында «Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сату» тақырыбы қаралып, шариғат тұрғысындағы үкімдер мен талаптар жан-жақты түсіндірілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар мешіттен тыс жерде жұма намазын оқуға бола ма деген діни мәселеға аударылды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қызыләуіт ауылы "Жаңабай сопы" мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали мешіт жамағатына арнап діни ағымдар тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында имам қазіргі таңда қоғам үшін өзекті болып отырған жат діни ағымдардан сақтану қажеттігін айтып, асыл дініміз – ислам мен қазақ халқының салт-дәстүрінің сабақтастығын ерекше атап өтті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

"Жаңабай сопы" мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали мешітке келуші жастарды имандылыққа, көркем мінезге, әдеп пен ізгілікке тәрбиелеу бағытында тұрақты түрде насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе, ғибадаттың төресі саналатын намаздың маңызын жастарға жан-жақты түсіндіруді басты назарда ұстайды.