Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының «Ар-Рахман» мешітіне кәсіпкерлердің демеуімен диван табысталды.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының «Ар-Рахман» мешітіне кәсіпкерлердің демеуімен диван табысталды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің имамы Омаров Ерғали мәдени шараға қатысып, «Адал қоғам» тақырыбында сөз сөйледі.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы мәдениет үйінде жастармен кездесіп, «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында уағыз айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жауғаш батыр ауылдық мешітінің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.
Қарасу ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат жамағатқа «Дұға етудің әдебі» турасында уағыз айтты. Насихат барысында дұғаның мұсылман адамның өміріндегі орны ерекше екені айтылып, оның қабыл болуы үшін сақталуы тиіс әдептері кеңінен түсіндірілді.
Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Интернационал ауылы «Достық мешітін зиярат етіп қайтты.