Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев тарауих намазының алдында жамағатқа "Намаздың артықшылығы" тақырыбында уағыз- насихат айтты.
Уағыз барысында намаздың ислам дініндегі ең ұлық құлшылықтардың бірі екені кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ намаз – мұсылманның Алламен байланысын нығайтатын, жүректі тыныштандыратын, адамды жамандықтан тыятын қасиетті амал екені айтылды. Жамағатқа бес уақыт намаздың пендені тәртіпке, сабырлыққа, тазалыққа және жауапкершілікке тәрбиелейтіні насихатталды. Намаздың адам өміріндегі орны, оның рухани тазалыққа, көркем мінезге және ізгілікке бастайтын жол екені сөз болды. Сонымен қатар намаз оқу арқылы адам баласы Жаратушыға жақындап, жүрегіне иман нұрын ұялататыны айтылды.
Намаздың дүние мен ақырет бақытына жетелейтін үлкен құлшылық екені де кеңінен баяндалды. Шара соңында жамағатқа намазға тұрақты болу, құлшылыққа немқұрайлы қарамау, жас ұрпақты намазға баулу және діннің асыл құндылықтарын қадірлеу жөнінде насихат айтылды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

