ЖАМБЫЛ: ДІНИ ФАНАТИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ ФАНАТИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Діни фанатизмге жол жоқ!" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында діни фанатизмнің қоғам тұрақтылығына, ел бірлігіне және отбасы тәрбиесіне тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар дінді дұрыс түсінудің маңыздылығы айтылып, ислам дінінің бейбітшілік пен сабырлылыққа, мейірім мен парасаттылыққа үндейтіні насихатталды. Іс-шарада қатысушыларға дін атын жамылып, қоғамға іріткі салатын теріс идеологиялардан сақ болу керектігі ескертілді. Сондай-ақ діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйену, ресми діни мекемелер мен білікті мамандардың кеңесіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу соңында жамағатқа ел тыныштығын сақтау, ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайту, дәстүрлі діни ұстанымға берік болу жөнінде насихат айтылып, қойылған сауалдарға жауап берілді. Кездесудің мақсаты, қоғамда діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: