«Жексенбай ата» мешітінің имамы Ұзақбай Бадықов ұйымдастыруымен жастарға арналған ауызашар кеші өтті. Игі шараға қатысқан жастар бір дастархан басында бас қосып, Рамазан айының берекесімен бөлісті.
Кеш барысында жамағатқа Рамазан айының маңызы мен жастардың парызды парықтап, имандылық жолында ұстанатын жолдары туралы уағыз айтылды. Жастар қасиетті айдың рухани мәнін түсініп, құлшылыққа деген ынталарын арттырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

