ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатқа "Ихсан - тәрбие құралы" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Уағыз барысында ихсанның мәні кеңінен түсіндіріліп, оның адам баласының жүрек тәрбиесі мен мінез-құлқын түзетудегі орны ерекше екені айтылды.

Сондай-ақ ихсан – Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, ал сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрғанын сезіну екені насихатталды. Бұл ұғымның адамды шынайылыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа және адалдыққа тәрбиелейтіні атап өтілді. Имам  ихсанның тек құлшылықта ғана емес, күнделікті өмірде, ата-анаға құрмет көрсетуде, отбасыға қамқор болуда, айналадағы адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауда да көрініс табатыны айтылды.

Сонымен қатар жамағатқа жүректі тазарту, нәпсіні тәрбиелеу, жақсы амалдарды ықыласпен орындау – мұсылманның кемелдікке жету жолы екені түсіндірілді. Шара соңында қатысушыларға ихсан қасиетін бойға сіңіріп рухани тәрбиеге мән беру, қоғамда мейірім мен ізгілікті арттыру жөнінде насихат айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: