ЖАМБЫЛ: ЫҚЫЛАС - ШЫНАЙЫЛЫҚ

ЖАМБЫЛ: ЫҚЫЛАС - ШЫНАЙЫЛЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бірлесу - Еңбек ауылы "Бірлесу - Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев мешітке жиналған жамағатқа "Ықылас - шынайылық" тақырыбында уағыз- насихат айтты. “Ықылас – шынайылық” тақырыбы ислам дініндегі маңызды рухани ұғымдардың бірі. Ықылас – адамның барлық ісін тек Алланың разылығы үшін, таза ниетпен орындауы. Мұндай шынайы ниет адамның амалын құнды әрі сауапты етеді.

Шынайы ықыласты адам жасаған жақсылығын жария етпейді, мақтануды ұнатпайды, әрбір ісін "Алланың разылығы" үшін жасайды, адамдарға көмектесуді сауап деп біледі,  сабырлы және кішіпейіл болады. Ықылас – адамның жүрегінің тазалығы мен шынайылығын білдіреді. Әрбір мұсылман өз ісін шынайы ниетпен жасап, тек Алланың разылығын мақсат етуі керек. Сонда оның әрбір амалы сауапқа айналады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: