ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР - ЕГІЗ ҰҒЫМ

ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР - ЕГІЗ ҰҒЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық  орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Дін мен дәстүр – егіз ұғым" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында имам дін мен ұлттық дәстүрдің өзара байланысы және қоғамдағы маңызы туралы түсіндірме берді.

Имам өз сөзінде қазақ халқының салт-дәстүрлері ғасырлар бойы Ислам дінінің құндылықтарымен тығыз сабақтасып келе жатқанын атап өтті. Ата-бабаларымыз исламның адамгершілік, имандылық қағидаларын ұлттық дәстүрмен ұштастырып, ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолданған. Сонымен қатар қазақ қоғамында үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, қонақжайлық, бата беру сияқты көптеген дәстүрлер исламдағы көркем мінез қағидаларымен үндес екені айтылды. Мұндай құндылықтар қоғамда сыйластық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.Уағыз барысында халқымыздың ғасырлар бойы Ханафи мазхабын ұстанып, Матуриди ақидасын негіз етіп келгені де түсіндірілді. Бұл жол қазақ халқының діни танымының қалыптасуына үлкен әсер еткен.

Кездесу соңында жамағатқа дін мен дәстүрді қатар ұстану, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да тұрақты түрде жүргізіп келе жатқаны атап өтілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: