Ерназар ауылы "Әбдіхайым" мешітінің молдасы Ғалымжан Қадыров мешіт жамағатына "Тәрауих намазының артықшылығы" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Тарауих намазы – Рамазан айының ерекше құлшылығы.
Ол адамның күнәларының кешірілуіне, сауаптың көбеюіне және рухани тазалыққа жетуіне себеп болады. Тарауих намазы – бұл мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы кезінде Құптан намазынан кейін оқылатын нәпіл (қосымша) намаз. Оның сауаптары мен артықшылықтары исламда өте көп айтылған. Тарауих намазының негізгі артықшылықтары мынадай: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) былай деген: "Кім Рамазан айында иманмен және сауаптан үміт етіп түнгі намаз оқыса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі."
Тарауих – осы түнгі құлшылықтардың ең маңыздысының бірі. Рамазан – құлшылықтың еселенетін айы. Тарауих намазы адамға өте көп сауап жазады. Көп мешіттерде Құран толық хатым етіледі. Бұл мұсылманға Құранды тыңдап, рухани әсер алуға мүмкіндік береді. Тарауихты мешітте жамағатпен оқу – мұсылмандардың бірлігін күшейтеді және үлкен сауапқа жеткізеді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

